Дүниежүзілік туризм күніне орай Букреев шыңы, Анатоли Букреевке арналған танымдық лекция өткізді

Іле – Алатауы МҰТП Медеу филиалы Үлкен Алматы орманшылығында эколог- ағартушылары мен Аюсай визит орталығының қызметкерлері, 188 мектеп-гимназиясының оқушыларымен Дүниежүзілік туризм күніне орай Букреев шыңы, Анатоли Букреевке арналған танымдық лекция өткізді. Сөз басын Букреевтің әріптесі, туризм жанашыры, туризмнің дамуына үлес қосып жүрген гид -экскурсовод Г. Мулинкова бастады. Оқушыларға қызықты әрі пайдалы ақпараттарымен бөлісті.

 

Анатолий Николаевич – биік таудағы альпинист, еңбек сіңірген спорт шебері,«Қар барысы» атағының иегері, сегіз мыңдық планетаның он төрт тауының он бірін және төрт рет Эвересті бағындырғаны жайлы айтты. Оқушылар Букреевке арналған видео фильмді тамашалап, Аюсай визит орталығының мамандарымен туристік палатка кұрып үйренді.