Флора

Тұтас алғанда солтүстік Тянь-Шань секілді Іле-Алатау таулары аумағында орналасқан ұлттық парк өсімдік әлемінің алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Бұл ерекше қорғалатын табиғи аймақтың флорасының түрлілік құрамын зерттеу әлі де соңына жеткен жоқ, бірақ қазірдің өзінде мұнда өсімдіктердің 2000-ға жуық түрлері кездесетіні белгілі.

Олардың сирек кездесетін ең сырлы және көз тартатыны ерекше қорғалады және Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Бұл жерде сирек түрлер өте шектеулі аумақта ғана кездеседі.

Іле-Алатау аумағы эфирлі майы бар өсімдіктерге де бай. Бұл, ең алдымен, гүлрайхан, жебір түрлері, мадьяр көкжалбызы, тұтасжапырақ жыланбасы, сонымен қатар кәдімгі түймешетен, қалқан аяния, жусанның көптеген түрлері.

Тау шатқалдарымыздың флорасы балды өсімдіктерге де бай. Отандастарымыздың арасында Тянь-Шань омарталарында жиналған тау балы үлкен сұранысқа ие. Жалпыға таныс ағаш-бұта тектес тұқымдылардан

(алма ағашы, өрік ағашы, тянь-шань шетені, долана, ырғай, қараған) бөлек киікоты, таулық фломис, ақ тауқалақай, нағыз қызыл бояу, жапырақ жөтелшай, шөлдік шалфей сияқты көпжылдық шөптер де керемет балды өсімдіктер болып табылады.

Орта белдеуде шөбі сиреген мүк басқан шырша ормандары жиі кездеседі, пішен сұламасы, түзу қазтамақ сияқты ұсақ орхидеялары мен алмұрт шөп тәрізді – ортилия, кіші алмұртшөп сияқты өсімдіктерімен ерекшеленеді. Шынтүрген шатқалында, қия бөктерінде қалыңдығы 60 см-ге дейін мәңгі тоңның терең қабатын жауып тұратын мықты мүк қабаты бар қалың тұйық шырша ормандары дамыған. Флорасының құрылымы мен құрамы бойынша олар Сібір мен Урал көк тайгаларына ұқсас келеді, сондықтан да табиғат ескерткіші мәртебесінде сақталады.


  • slide
  • slide
  • slide
  • slide
  • slide
  • slide
  • slide
  • slide
  • slide