Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күнін атап өту мақсатында, Алматы облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасымен бірлесіп жас өспірімдердің қатысуымен мәдениет орындарын біліп, танысу мақсатында Қарасай ауданының тарихи-мәдени, «Батыр Бабаларға тағзым» және «Анаға Құрмет» мұражайларына экскурсия жүргіздік.

Осы күннің басты мақсаты –артымыздан өсіп келе жатқан келешек ұрпақтың өз еліне, отанына, жеріне деген сүйіспеншігін оятып, оларда отаншылдық сезімдерін жетілдіру және де отбасына, анаға, әкеге деген құрметті, құндылықтарды ұғыну.

Шара одан ары қарай Марал және Форель шаруашылықтарында жалғасын тапты. Оқушылар шаруашылық жұмыстарымен танысып, Алатаудың тылсым табиғатына шаттынып, өз қуаныштарымен бөлісті. Түскі астан кейін балаларды «Алатаудың тылсым әлемі» жолығу орталығына әкелдік.

Осындай атқарылған іс-шаралар жас өспірімдердің рухани жаңғыруына өзінің бір нәтижесін беретіндігіне кәмілсенеміз.