Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай ұлттық парктің қызметкерлері арасында спорттық жарыстар өткізілді. Ұлттық парктің бас директоры Малгельдиев Дамир Нұрбекұлы мейраммен барлық ұжымды құттықтап, болашақтағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Спорттық іс-шара волейбол, арқан тартыс, гір көтеру және үстел теннисі сынды бәсекелерден құралды. Осыған орай, Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі барлық Қазақстандықтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтай отырып, елбасымызға және елімізге бейбітшілік пен бақ береке тілейді.