Қыркүйек айының 29-ыншы жұлдызында «Жасыл әлем» мектеп орманшылығы мүшелеріне (Ушинский атындағы орта мектеп) Іле-Алатау ұлттық паркінің Қаскелең орманшылығындағы жоғарғы және төменгі тұқымбақтарына танымдық экскурсия өтті. Ұлттық парк инспекторлары тұқымбақта тұқыммен отырғызылған алма, өрік, шырша отырғызу технологиясы, күтіп-баптау жұмыстары жөнінде, оның экологиялық және мемлекеттік орман қоры маңызы болып табылатынын түсіндірді. Экологиялық-ағарту шараларынан кейін оқушылар туризм күніне орай мерекелік концерт ұйымдастырды.