Іле-Алатау ұлттық паркіндегі алғашқы визит орталық

14.01.2021

Бұл - Іле-Алатау ұлттық паркіндегі алғашқы визит орталық

Экологиялық туризмді дамытуға арналған нысан қоғам мен БАҚ өкілдеріне таныстырылды

Орталық Аюсай шатқалында орналасқан
Мұнда келушілерге ұлттық парк жайлы толық ақпарат ұсынылып, білім беру, экологиялық ағарту жұмыстары жүреді

CНХ: Дамир МАЛГЕЛДИЕВ, «Іле-Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Бас директоры

“Визит-орталықтың салынуы экологиялық туризмді өркендетіп, табиғат ескерткіштері туралы ақпарат беріп, дұрыс бағыт сілтеуге, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды насихаттауға мүмкіндік ашады. Флора мен фауна туралы туралы балаларға көбірек түсіндіруге, сабақтар өткізуге мүмкіндік туып отыр”

33

Мұнда қоршаған ортаға зиян тигізбей, қауіпсіз демалуға үйрететін «Тамыр» жабайы табиғатта болу мектебі жұмыс істеуде

Визит-орталық ішінде экологиялық сабақтар үшін арнайы зал ашылды.

Атап өтейік, нысан модулі толығымен экологиялық материалдардан жасалған

ваыуваы    

СНх: Александр ГУЖАВИН, «Turanga Group» ЖШС Бас директоры

“Ғимарат толығымен ағаштан және әйнектен тұрғызылды. Американдық технологияны қолдана отырып, жеңіл конструкция түрінде құрастырдық. Іле-Алатаудағы экотуризмді дамыту жобасы аясында тағы да 4 шатқалда 6 визит-орталық салынбақ. Осы жылы үшеуін Үлкен Алматы көлін маңында, Мұзтау және Түрген шатқалында тұрғызуды жоспарлап отырмыз”

Экотуризмді дамыту аясында Іле-Алатау ұлттық паркінде 155 км жаяу жүру соқпағы жөнделіп, 17 жаңа жаяу және велосипед жолдары ашылмақ

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі экотуризм жобаларын өзге де ұлттық парктерде жүзеге асырады.

 

  14  564     hrdg