Түрген сарқырамалары – Алматы облысындағы туристер өте көп баратын жерлердің бірі. Олар ең әдемі шатқалдарында орналасқан, саны 7-ге же­теді. Солардың ішінде ең танымалы Медвежий мен Қайрақ сарқырамалары болып табылады.

Бірінші сарқыраманың биіктігі 30 метр, биіктен төніп тұрған жартастар ортасында орналасқан. Шатқал­дағы жартастар жер сілкінісінен жарылған және мұз­дыққа дейінгі кезең іздерін сақтап қалған. Әдетте ту­ристер Медвежий сарқырамасына өтетін көпірден 300 метр биіктікте «сұлулық бұлағы» – дәмді және суы мұздай бұлақ бар. Қайрақ сарқырамасы орман шару­ашылығынан 3 сағаттық жерде орналасқан. Негізгі ағы­сының құлама биіктігі 40 метр, жалпы биіктігі 74 метр­ге жетеді. Шатқал сондай-ақ өзінің реликті Шынтүрген мүкті шырша ормандарымен де атақты.