Есік көлі Алматы қаласының шығыс жағында 70 шақырым жерде теңіз деңгейінен 1760 метр биіктікте орналасқан. Геологтардың пікірі бойын­ша, ол осыдан шамамен 8-10 мың жыл бұрын биік­тігі 300 метрдей болатын табиғи тоған құрған үлкен тау тасқыны нәтижесінде пайда болған.

Ұлттық парктің бірегей табиғи нысандарының тізбесіне кіретін геоморфологиялық нысан Жарсай өзенінің жоғарғы жағы, Түрген өзенінің оң жағындағы Еркек және Әйел көз жасы сарқырамалары, құлама тек­ті Жусалы көлі мен Есік (Жасыл көл) көлдері, әртүрлі түсті жартастар, қызық түрлі формадағы эрозиялық су жырындылары және Түрген өзенінің оң жағалауындағы бұзылған жыралар, Медеу және Шымбұлақ шатқалда­ры болып табылады.

Ақсай шатқалы – Іле-Алатаудың ең әдемі жер­лерінің бірі. Ақсай өзені аттас мұздығынан бастау алады. Өзен басында екі кішігірім моренді көлдер ор­наласқан. Ақсай шатқалынан автомобиль жолы өтеді, сондықтан ол алматылықтардың сүйіп баратын дема­лыс орнына айналған.