Рекреациялық-туристік қызмет

Таудың шыршалы және жабайы жеміс орман­дары даланың экожүйелік оңтүстік беткей­лерімен бірегей үйлесуі жер бедерінің жоғары эстетикалық құндылығымен қатар, ұлттық пар­ктің бағалы рекреациялық келешегін де қамта­масыз етеді.

Таулар, орман мен көлдер климаттық тосқауылдың рөлін атқарып тұр. Солтүстік Тянь-Шанның шұғыл континетті климаты тау шатқалдарында кәдімгідей жұмсарады. Аймақтың құнды ресурсы шыршалы ор­ман болып табылады. Олар басқа қылқанды және жа­пырақты түрлеріне қарағанда жоғары фитонцидті бел­сенділігімен ерекшеленеді. Гидроминералды бұлақтар адамдардың денсаулық жағдайына жақсы әсер етеді.

Экологиялық туризмді дамыту Іле-Алатау ұлттық паркінің тікелей парктің өзінің, сондай-ақ бірлесіп қызмет жасау туралы келісім-шарттың негізінде ту­роператорлармен және қоғамдық бірлестіктермен бірге реттемелі туристік және рекреациялық қыз­мет түрінде жүзеге асырылып жатқан басты қызмет­терінің бірі болып табылады.