Құстар

В.А. Ковшарьдың мәліметтері бойынша, паркте құстардың 198 түрі байқалған, олардың 66 түрі ұлттық парктің аумағына ұялау үшін ұшып келеді. Жалпы ұялау және көбею кезеңінде паркте құстардың 130-дан астам түрі жиналады. Құстардың түрлерінің жартысы – тау құстары. Олардың мекендеу орталары белгілі биіктік белдеулеріне байланысты.