Жануарлар әлемі

Ұлттық парктің табиғи жағдайы алуан түрлі, сондықтан да мұнда жануарлардың көптеген түрлері мекендеуге мүмкіндігі бар.

Омыртқалылар әлемінің 270 түрі, оның ішінде: 48 сүтқоректілер, 200-ден астам құстар түрі, рептилиялардың 8 түрі, амфибиялардың 4 түрі және балықтардың 8 түрі бар. Омыртқасыз жануарлар түрлері нақты анықталмаған, өйткені бұл топтың инвентаризациясы толық аяқталмаған. Анық белгілі болғаны, парк аумағында 5000-нан астам жәндіктер мен өрмекші тәрізділер мекендейді.

Ұлттық парктің жануарлары алуан түрлі жағдайларда: тау бөктерінен, ормандардан бастап биік тау алқаптары белдеулері, құздар мен мұздықтарға дейін, сонымен қатар су қоймаларында және елді мекендер аумағында тіршілік етеді.

Сүтқоректілер. Ғылыми классификациялау бойынша, ұлттық парк жануарлары 6 жасаққа топтастырылған: қолқанаттылар (8 түрі), жыртқыштар (12 түрі), ашатұяқтылар (4 түрі), кеміргіштер (16 түрі) улы жәндіктер (6 түрі) және қоян тәрізділер (2 түрі).

Салпаң құлақ кірпі, кіші атжалман – тау етектерінің ерекше мекендеушілері, ағын су бойында су атжалманы кездеседі. Мұнда тышқан тектес кемірушілер, сонымен қатар қасқыр, түлкі, шиебөрі, елік, борсық, құм қояны, ұсақ сусартектестер – ақ тышқан, ақкіс, құстардан торғайтектестер, көк қарға тәрізділер де кездеседі.

Орман белдеуінде тұяқтылардан – жабайы шошқа, марал, сібір елігі; кеміргіштерден – тиін, орман қарақасы, тянь-шань орман сұр тышқаны, сонымен қатар құм қояны жиі кездеседі. Олардың арасында ең құндылары – марал мен елік. Марал шырша ормандарында мекендейді. Жылдың жекелеген маусымдарында биік таулардағы арша ормандарына, сонымен қатар жапырақты ормандарға да кіреді. Биотехниялық шаралардың (шөппен, сыпыртқымен, тұзбен азықтандыру) нәтижесінде парктегі марал мен елік­тердің саны тұрақты және жақсы деңгейде.

 

Биік тау көгалдары аймақтарында таутеке, тянь- шань арқары, құз ақтісі, қызыл шақылдақ тіршілік етеді. Сібір таутекесінің үлкен үйірі басқа учаскелермен салыстырғанда Талғар мен Есік көлдері алқаптарында, сонымен қатар құзды жерлерде, шөлейт пен орманды дала белдеулерінен биік таулар көгалдары белдеулеріне дейін теңіз деңгейінен 1600 – 4000 метрге дейін биіктікте мекендейді. Жылдың едәуір бөлігінде текелер орта таулар белдеуінде мекендесе, ал жылдың ыстық мезгілдерінде аптап ыстықтан және жәндіктерден құтылу үшін текелер қар мен мұздықтарға жақындап, биік таулар көгалдарына ауысады.

Жабайы шошқа парктің барлық аумағында кездесіп, күз мезгілінде май жинақтау үшін жабайы жемісті ормандарға кіреді. Азық табу мақсатында едәуір миграциялар жасайды. Жануарлардың аңшылық-кәсіпшілік түрлеріне жатады.

Түлкі тауларды қоса орманнан бастап далаға дейін парктің барлық ландшафтық-географикалық аймақтарында мекендейді.

 

Борсық парктің барлық аумағында кездеседі, әртүрлі ландшафтарда тіршілік етеді. Өсімдіктермен де, жануарлармен де қоректеніп, қыс мезгілінде ұйқыға жатады.

Құм қоянының денесі мен салмағы аса үлкен емес, шөлді жерлер мен тау етегінде мекендейді.

Парктің кез келген бөлігінен жарқанаттардың: маймұрын, қызғылт ымырт жарқанаты, сұр құлақты жарқанат және мұртты түн жарқанатын кездестіруге болады.

Парк Қазақстан Республикасы мен Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітабына енген аңдардың популяциясын сақтап қалуда маңызды рөл атқарады. Мысалы, мұнда республикада барыстың ең ірісі саналатын түрі тіршілік етеді. Басқа да сирек кездесетін және жоғалып бара жатқан түрлердің саны олардың бұрынғы деңгейде сақталып қалатынына сенім жандандырады. Олардың қатарында – тянь-шань қоңыр аюы, тас сусары, түркістан сілеусіні, тянь-шань арқары және басқалар бар.