Қазақстан Республикасының Қызыл

кітабына енген өсімдіктер

Іле-Алатау ұлттық паркі аумағында Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген гүлді өсімдіктердің 35 трі және мүк тірізді өсімдіктердің 2 тірі кездеседі. Гүлді өсімдіктердің тағы 6 тірі Алматы мемлекеттік табиғи кешенді қаумалы аумағында қорғау аймағы шегінде кездессе, парк аумағында да өсуі мүмкін.

Жалған жүрек жапырақты деңгел, ұсақ жемісті әжік, мұзды боты ташық, алматы кекіресі, алматы ақжапырағы сияқты шекті шағын эндемикалық түрге жататын өсімдіктер, сонымен қатар екпе өсімдіктердің декоративтік қасиеттерін сақтаған жабайы тұқымдастары: алатау бәйшешегі, Островский қызғалдағы, Колпаковская қызғалдағ, Виттрок рауғашы, Сиверс алма ағашы, жабайы өрік ағашы, Альберт құртқашашы, қатпарлы соссюрея, ұяланған шмальгаузения, Семенов айдаршөбі, алтай торсылдағы, қызыл-сары ақбасшөп, кавказ таудағаны, Колпаковский иридодиктиумы және б сқалары да кездеседі. Олардың бәріне ерекше қорғау және популяциялар жағдайына бақылау қажет.