Өсімдік әлемі

Тұтас алғанда солтүстік Тянь-Шань секілді Іле-Алатау таулары аумағында орналасқан ұлттық парк өсімдік әлемінің алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Бұл ерекше қорғалатын табиғи аймақтың флорасының түрлілік құрамын зерттеу әлі де соңына жеткен жоқ, бірақ қазірдің өзінде мұнда өсімдіктердің 2000-ға жуық түрлері кездесетіні белгілі.

Олардың сирек кездесетін ең сырлы және көз тартатыны ерекше қорғалады және Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Бұл жерде сирек түрлер өте шектеулі аумақта ғана кездеседі. Осы күнге дейін табылған және сипатталған жерінде, тек бір шатқалда, кездесетін эндемиктерді ботаниктер ғылыми тұрғыдан жаңа түр деп белгілеген. Мысалы, Сол Талғардағы көзге түсе бермейтін жалған жүрек жапырақты деңгел және ұсақ жемісті әжік. Кейбіреулері – мысалы, таулы боташық, Алматы кекіресі, қызғылт гүлі бар кекіреге ұқсас Алматы ақжапырағы сияқты өсімдіктер алғашында ұлттық парктің түрлі шатқалдарынан табылғанымен, кейін Іле-Алатаудың басқа нүкте­лерінен де табылған. Алайда олар шектелген оқшауланған популяция түрінде кездеседі, сондықтан да Қызыл кітаптің төрінен орын алған.

Бөденешөп ° Вероника дубравная ° Veronica chamaedrys