Ұлттық парктің экологиялық-ағарту қызметі Алматы қаласының, Алматы облысы Талғар, Еңбекшіқазақ және Қарасай аудандарының тұрғын­дарына, сондай-ақ түрлі санаттағы ұлттық паркке келушілерге, туристерге бағытталған. Экологи­ялық ағарту мынадай іс-шаралардан тұрады:

1) экологиялық білімді насихаттау, бұқаралық ақпа­рат құралдарында парк қызметімен таныстыру;

2) келушілерге визит-центр ұйымдастыру, парктің табиғатына, өңірдің тарихы мен мәдениетіне арналған көрмелер мен қойылымдар көрсету;

3) паркті қолдау мақсатымен «Парктер шеруі» жыл сайынғы табиғатты қорғау акциясын өткізу, студенттер үшін экологиялық лагерлер мен тәжірибеден өтуді ұй­ымдастыру;

4) мектеп орманшылығын ұйымдастыру.

Жыл сайын «Хабар», «Астана», «Қазақстан-1», «31 арна» және басқа да телеарналар, сондай-ақ қа­зақ радиосы парк ұжымының қатысуымен экологи­ялық бағдарламалар ұйымдастырады. Астана, Алма­ты, Талғар, Қаскелең, Есік қалаларының орталық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында табиғатты қорғау тақырыбында мақалалар жарияланып тұрады.