Алматы мемлекеттік табиғи

кешенді қаумалы

Алматы мемлекеттік табиғи кешенді қаума­лы Қазақ КСР Министерлер кеңесінің 1953 жылы 31 желтоқсандағы № 992 Қаулысымен зо­ологиялық қорық ретінде 10 жыл мерзімге аң ау­лау-кәсіптік фаунаны сақтау және қалпына кел­тіру мақсатында құрылған. ҚазКСР МК Қорықтар мен аң аулау шаруашылығының бас басқармасы

1960–1962 жж. қорықта алғаш рет жабайы өгіз, жа­байы бизон, тоғай маралдары, ала марал, ақбөкен, ақ қоян, ор қоян, бұлғын, алтын қырғауыл өсірген болатын. Бірақ бұл шара оң нәтиже бермеді. 1962 жылы Қазақ Бас Аң аулау комитетінің 10.12. №159 бұйрығымен болашақта қаумалды Алматы ұлттық паркіне айналдыру мақсатында, қаумалда қандай да болмасын аң аулауға және барлық ұстау құралда­рынның түрлерін, қандай да болмасын қару-жарақ ұстауға тыйым салынды.