Іле-Алатау Мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Талғар филиалы Ал­маты облыстық орман шаруашылығы басқармасының Қала маңы орман шаруашылығы базасында 1996 жылы құрылған. Талғар филиалының жал­пы ауданы – 26652 га, филиал үш ор­ман шаруашылығына бөлінген:

Көкбастау орманшылығы, ауда­ны – 8439 га, екі шатқалда – Солдат­сай және Рахатта орналасқан.

Қотырбұлақ орманшылығы, ауда­ны – 10692 га, Қотырбұлақ шатқа­лында орналасқан.

Талғар орманшылығы, ауданы – 7521 га, Маралсай, Солдатсай, Оси­новое, Ваганово, Красильниково, Ближнее, Белбұлақ, Жаманбұлақ шатқалдарында орналасқан.

Сандықсай шатқалында ертеден бері «Родник», «Ключи», «Горки» са­яжайлары орналасқан.

 

Талғар филиалы орманшылығының орналасу карта-сызбасы