Іле-Алатау Мемлекет­тік ұлттық табиғи пар­кінің Ақсай филиалы Іле орман шаруашылығы өн­дірістік кәсіпорын базасын­да 1996 жылы 22 ақпанда құрылған. Филиал ауданы 57101 га, Алматы облысы Қарасай ауданы аумағында орналасқан және үш орман шаруашылығына бөлінген:

Ақсай орманшылығы, жалпы ауданы – 28675 га, Ақсай шатқалында орна­ласқан.

Қаскелең орманшылығы, жалпы ауданы – 28286 га, Қаскелең шатқалында орналасқан;

Баум Тоғайы орман­шылығы, жалпы ауданы – 139,5 га, Алматы қаласы Түріксіб ауданында орна­ласқан.