Бөлімнің негізгі міндеттері:

1. Бухгалтерлік және салық есебін ұйымдастыру және жүргізу;

2. Материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын пайдалануды, парк меншігінің сақталуын бақылау;

3. Шаруашылық қаражаттарының құрамы мен көзін, олардың қозғалысын анықтау;

4. Негізгі қаражаттарды, тауар-материалдық құндылықтарды есепке алу;

5. Жеткізушілер және тапсырыс берушілермен есептесу жұмыстарын жүргізу;

6. Мемлекеттік бюджетке төлемдерді, әлеуметтік және зейнеткерлік сақтандыру қорларына жарналарды, қызметкерлердің еңбекақысын, салықтарды есептеу және аудару;

7. Қаржы құжаттарын рәсімдеу және мұрағатқа өткізу;

8. Мекеменің кадр қажеттілігін анықтау және бөлімше бастықтарымен бірлесіп кадрлар іріктеу, таңдау;

9. Қызметкерлердің жеке іс қағаздарын рәсімдеу;

10. Қызметкерлер талабы бойынша анықтамалар мен құжаттар көшірмелерін беру;

11. Демалыс есебін жүргізу, қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес демалыс кестесін жасап, рәсімдеу.

Ұлттық парктегі заңгер заңнаманың сақталуын қамтамасыз етеді, филиалдар мен бөлімшелерге өздерінің кәсіби қызметтерін атқару барысында құқықтық көмек көр­сетеді. Бұдан басқа, парк өміріне құқықтық нормаларды енгізеді, қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын көтереді. Тәртіп кеңесінің мүшесі болып табылады. Барлық мекемелерде, соттарда, құқық қорғау органдарында парктің заңды мүдделерін білдіретін тұлға болып табылады.