Бөлімнің негізгі міндеттері:

1. Халық арасында экологиялық ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу. Мамандарды оқытуға қатысу, бұқаралық ақпарат құралдарына, интернет-сайттарға материалдар беру, мекемелерде дәрістер, сабақтар, әңгімелер өткізу, қоғамдық ұйымдармен өзара әрекет ету.

Семинарлар, конференциялар, табиғат қорғау

акцияларын, мәдени-бұқаралық шараларға қатысу және өткізу.

Буклеттер, жолсілтемелер, каталогтар, альбомдар, ақпараттық қалқандар, аншлагтар мен көрсеткіштер дайындап, шығару.

2. Парк басқармасының бекітілген Төлқұжаты және Жоспарына сәйкес экологиялық ағарту және туризмнің парктегі  перспективті даму бағдарламасын дайындау.

3. Демалыс алаңдарын, кемпингтерді абаттандыруды жоспарлау.

4. Туристік фирмалармен, мекемелермен, бірыңғай туристік өнім жасау бойынша жер пайдаланушылармен өзара әрекет ету.

Туризм және демалыс ұйымдастыру бойынша парк қызметтері мен мүмкіндіктерін БАҚ, интернет- сайттарда жарнамалау, туристік көрмелерге қатысу.