Бөлімнің негізгі міндеттері:

1. Ғылыми-зерттеу тақырыптарына сәйкес табиғи кешендер мен нысандарды зерттеу;

2. Табиғи үрдістер мониторингін, оған қоса стационарлы жүйелі бақылаулар жүргізу арқылы Табиғат жылнамасын жүргізу:

3. Биологиялық әртүрлілікті сақтау, мемлекеттік табиғи-қорық қорының экологиялық жүйелері мен нысандарын қайта қалпына келтірудің ғылыми негіздері мен әдістерін дайындау.

4. Ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жариялау және оларды республикалық және Халықаралық конференциялар мен форумдарға ұсыну.