Туристік бағыттар

Негізінде ұлттық паркке қысқа мерзімді дема­лыс мақсатында келеді, оны «демалыс күнгі тур» деп атайды. Барлық шатқалдар мен орман­шылықтар келушілердің саны бойынша бөлінген, келушілердің саны бойынша ең көбі – Үлкен Ал­маты шатқалы, сосын – Түрген, Ақсай, ары қа­рай – Қотырбұлақ, Есік, Қаскелең және Бутаковка. Туристер мен келушілерге қызмет көрсету үшін рекреациондық аймақтар дайындалған, олар жаб­дықталып, бастырмалар, жаппалар, от жағуға ар­налған орындар, үстелдер-орындықтар қойылған.

Іле-Алатау ұлттық паркінің аумағында 42 тури­стік маршруты орналасқан, оның ішінде: 13 табиғат оқу соқпағы мен 29 туристік маршрут, олардың ішін­де – 21 атпен және жаяу жорық, 8 – велосипед. Ең көп сұранысқа ие жаяу жүру маршруттары қатарында «Түрген сарқырамасы», «Ерлер мен әйелдер көз жасы сарқырамасы», «Бутаков сарқырамасы», «Ақжар құла­масы», «Маралсай», «Ақжар скиті» бар. Атпен жүру маршруты бойынша ең көп сұранысқа иелері: «Кіма­сар – Бутаковка – Алматау – Маралсай», «Қасқабас – Үлкен Алматы көлі», сондай-ақ Маловодный орман­шылығындағы «Торжайлау – Күмбел асуы» маршруты. Үш автокөлік экскурсиялық маршруты бар: «Есік көлі», «Үлкен Алматы көлі», «Түрген шатқалы».

 

Соңғы жылдары жаяу жүру туризмінен бөлек альпинизм, рафтинг, велосипед, атпен жүру туризмі кеңінен дамып келеді. Атпен жүру турла­ры үшін Қаскелең шатқалында атқора салынып, 20 мініс жылқысы өсірілуде. Туристер үшін ат­пен жүру нұсқаушысы тренингтер жүргізеді. Бар­лығы 7 атпен жүру маршруты бар. Рафтинг Түрген өзенінде жүргізіледі.

Ұлттық парктің Талғар филиалының Солдат шатқа­лында бірнеше туристік нысандар бар, ең алдымен бұл «Ақ бұлақ» спорттық-сауықтыру кешені – биік таулы, тау шаңғылық курорт, Талғар тауларының етегінде ор­наласқан. Кешеннің шаңғы трассасының ұзындығы 5 мың метр, максималды беткейдің тіктігі – 55 градус, ең биік нүктесі – теңіз деңгейінен 2700 метр. «Алатау» шаңғы-биатлон кешені де танымал, жылқы фермасы, олимпиялық резервтегі спортшылар жаттығатын бокс мектебі, гольф клубы бар. 2011 жылы шаңғы-биатлон кешенінің базасында бүкіләлемдік Азия ойындары өтті. Қазір бұл нысандар 2017 жылғы Универсиаданы өткізуге дайындалып жатыр.

Филиалда сейіл демалысына арналған 15 аула жаб­дықталған, 6 туристік маршрут пен 2 велотур дайын­далған. Ерекше танымалдыққа ие туристік маршруттар қатарында – «Пионер» шыңы мен Қотырбұлақ вело­туры бар. Жаз уақытында скаут лагерінің балалары шатқал арқылы «Бутаков» сарқырамасына, «Ақтас» және «Қызыл жар» құздарына саяхаттайды. Қыс мез­гілінде демалушыларға шанада, баллонда сырғанау, ат үстінде серуендеу, аспалы жол, тау шаңғысы мен сноу­борд жолдары ұсынылады. Ұзындығы 3700 метрге со­зылған ерекше аспалы жол теңіз деңгейінен 2 660 метр биіктікке көтеріледі.