Ұлттық парктің жануарлар әлемі алуан түрлі, сондықтан  мұнда жануарлардың көптеген түрлерінің мекендеуіне мүмкіндік бар. Ормандардан бастап  биік тау алқаптары белдеулері, құздар мен мұздықтарға дейін, сонымен қатар су қоймаларында және елді мекендер аумағында тіршілік ететін аң құстар жетерлік. Атап айтқанда жұптұяқты сүтқоректілерден Сібір елігі - (лат. Capreólus pygárgus),  Марал - (лат. Cervus elaphus), Жабайы шошқа, (лат. Sus scrofa). Жыртқыштар отрядына жататын сүтқоректі жануарлардан Тянь-Шань қоңыр аюы (лат. Ursus arctos isabellinus), Борсық (лат. Meles).Тас сусары (лат. Martes foina), Шиебөрі (лат. Canis aureus), Түркістан сілеусіні (лат. Lynx Lynx isabellinus) мекен етеді. Сондай-ақ қазіргі таңда Ұлттық парк аумағында кездесетін сүтқоректі жануарларды заманауи құрылғылардың көмегімен фото-бейне жазбаларын алу мүмкіндігі бар. Жоғарыда аталған жануарлар дүниесінің фото-бейне жазбалары ұсынылып отыр.