Бөлімнің негізгі міндеттері:

1. Ұлттық парктің ормандарын орман өрттерінен қорғау және сақтау, орман өрттерінің алдын-алу мен оларды дер кезінде анықтау және жою шараларын жүргізу.

2. Орманды зиянкес жәндіктерден және аурулардан қорғау. Орман зиянкес жәндіктері мен аурулар ошағын дер кезінде анықтау, олардың дамуына талдау жасау және олармен күресу.

3. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды қалпына келтіру шараларын екпе ағаштар отырғызу жолымен орманмен қамтылмаған аумақты көбейту.